Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

«Оқжетпес» соңғы секундта жеңісті жұлып алды

«Оқжетпес» соңғы секундта жеңісті жұлып алды

21 наурыз күні Қазақстан Премьер-Лигасының 3-туры аясында көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында «Ұлытауды» қабылдап, тартысты матчта жеңіске жетті.

Алаң иелері кездесуді белсенді бастап, 18-минутта есеп ашты. Бөрібаев дәл соққымен көзге түсті. Алайда бірінші таймның қосымша уақытында қонақтар таразы басын теңестірді — 45+4-минутта Харада есепті 1:1-ге жеткізді.

Екінші таймда ойын тең дәрежеде өтті. Екі команда да шабуылға шыққанымен, ұзақ уақыт бойы гол соға алмады. Матчтың тағдыры қосымша минуттарда шешілді: 90+3-минутта Мұхаметханов жеңіс голын соғып, «Оқжетпеске» үш ұпай сыйлады.

Осы жеңістің арқасында «Оқжетпес» 7 ұпай жинап, турнир кестесінде үздік үштікке көтерілді.

Келесі турда, 5 сәуір күні, «Оқжетпес» «Жеңіспен» кездеседі. Ал «Ұлытау» «Ақтөбеге» қарсы ойнайды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»