Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Максим Самородов Ресей чемпионатында кезекті рет көзге түсті

Максим Самородов Ресей чемпионатында кезекті рет көзге түсті

Ресей Премьер-Лигасының 22-туры аясындағы матчта Грозный қаласының «Ахмат» командасы өз алаңында «Ростовпен» кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алаң иелері сапында алғашқы минуттардан бастап Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов шықты. 33-минутта ол бұрыштама добын орындап, соның нәтижесінде Эгаш Касинтура матчтағы есепті ашты. Екінші таймда командалар гол соға алмады. Кездесу «Ахматтың» 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

64-минутта Самородов ауыстырылды. Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Ғалымжан Кенжебек 90-минутта ойынның соңына қарай алаңға шықты.

Осылайша, 22 турдан кейін «Ахмат» 30 ұпай жинап, РПЛ турнирлік кестесінде жетінші орынға көтерілді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»