4 сағат бұрын
«Каспий» клубының жаттықтырушылары бірнеше ай бойы жалақы ала алмай отыр
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының қатысушысы «Каспий» клубы қиындыққа ұшырады, деп хабарлайды Sport12.kz
Мәліметтерге сенсек, футбол орталығының жаттықтырушылары 4 айдан бері жалақы алмай отыр. Осы жағдайға байланысты бапкерлер 2025 жылдан бері клубты басқарып келе жатқан Нұртас Кургулиннің жұмысына көңілі толмайды-мыс.
Айта кетейік, қазір ақтаулық ұжым ел чемпионатындағы 2 ойында да есе жіберіп, турнир кестесінің көш соңында тұр.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»