3 сағат бұрын
«Атырау» клубы QJ League-ға қатысты мәлімдеме жасады
"Атырау" клубы әлеуметтік желісінде QJ League-ның теріс шешіміне қатысты өз жауабын берді, деп хабарлайды Sport12.kz
"Атырау облысы тарапынан QJ League аясында қатысу үшін барлық дайындық жұмыстары толық көлемде жүргізілгенін хабарлаймыз.
Қазіргі таңда команданың лигаға қатысуы федерацияның ресми шешіміне байланысты.
Атап айтқанда, «Судоремонтник» стадионы лига талаптарына толық сәйкес дайындалды. Алаң жабындысы (газон) 2025 жылғы желтоқсан айында толық жаңартылып, қазіргі таңда пайдалануға дайын күйде. Облыс тарапынан 2026 жылғы 20 ақпанда кепілдік хаты жолданды. Нысан 2026 жылғы 20 наурызда QJ лигасының барлық талаптарына толық дайын болды. Ал лига аясындағы алғашқы ойындардың басталу мерзімі 2026 жылғы 18 сәуірге жоспарланған", делінген клубтың хабарламасында.
Айта кетейік, кеше QJ лигасы "Атырау" клубының стадионы жарамсыз деп танып еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов