Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Ислам Чесноковтың командасы Шотландия чемпионатында жеңіске жетті

Ислам Чесноковтың командасы Шотландия чемпионатында жеңіске жетті

31-турда Шотландия чемпионатының кестесінде көшбасшы тұрған «Хартс» командасы «Дандимен» ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті деп хабарлайды Sport12.kz.

Ойын Эдинбургтегі «Тайнкасл Парк» стадионында өтті. Матч 1:0 есебімен «Хартс» пайдасына аяқталды. Бір ғана голды 77-минутта команда қақпашысы ирландиялық жартылай қорғаушы Ойсин Макэнти соқты.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков ойынды резервтегі ойыншылар қатарынан бастады және 86-минутта алаңға шықты. Биылғы жылғы 6 қаңтарда «Хартс» командасына қосылғаннан бері қазақстандық ойыншы 12 матчтың алтысына қатысты және бір гол соқты.

Осы жеңістен кейін «Хартс» 66 ұпаймен Шотландия Премьер-лигасының кестесінде көшбасшы позициясын нығайтты.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»