Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының FIFA Series турниріндегі тобы өзгерді

Қазақстан құрамасының FIFA Series турниріндегі тобы өзгерді

Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series 2026 турниріндегі қарсыластарының жаңартылған тізімін білді. Өзгерістер Кувейт құрамасының жарыстан бас тартуына байланысты енгізілген.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Астанада өтетін турнирде енді Қазақстан құрамасымен бірге Намибия және Комор аралдары құрамалары өнер көрсетеді. Осыған байланысты жарыс форматы да қайта қаралды.

Матч кестесі:

  • 25 наурыз, 17:00 — Қазақстан – Намибия
  • 28 наурыз, 17:00 — Намибия – Комор аралдары
  • 31 наурыз, 17:00 — Қазақстан – Комор аралдары

Айта кетейік, Қазақстан FIFA Series 2026 турнирін қабылдайтын елдердің бірі. Сонымен қатар, бұл жарысты Австралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан да өткізеді. Әйелдер құрамалары арасындағы турнир Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта ұйымдастырылады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»