Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

ҚПЛ: 3-турдың соңғы ойыны тең аяқталды

ҚПЛ: 3-турдың соңғы ойыны тең аяқталды

Алматы қаласында өткен ҚПЛ-дің 3-турындағы соңғы матчта «Алтай» мен «Каспий Ақтау» командалары тең түсті. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

«Хан Тәңірі» стадионында өткен ойында гол соғылмағанымен, матч тартысты өрбіді. Екі команда да шабуылда белсенділік танытқанымен, есеп ашылмады.

Номиналды алаң иелері сапынан Абылайхан Назымханов пен Ибрагим Дадаев сары қағаз алды. Қонақтар құрамында Диержон Арипов ескертуге ілікті.

Осы нәтижеден кейін «Алтай» маусымдағы екінші тең ойынын өткізіп, 2 ұпаймен турнирлік кестеде 11-орынға жайғасты. Ал «Каспий Ақтау» 1 ұпаймен 15-сатыда тұр.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»