Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Зинедин Зиданның болашақтағы жұмысы белгілі болды

Зинедин Зиданның болашақтағы жұмысы белгілі болды

Әлем чемпионы және «Алтын доп» иегері Зинедин Зидан Франция құрамасының жаңа бас бапкері болады деп хабарлайды Sport12.kz.

Белгілі болғандай, 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін Дидье Дешам құраманың бас бапкері қызметінен кетеді.

Франция футбол федерациясының (FFF) президенті Филипп Диалло Le Figaro-ға берген сұхбатында Дешамның орынбасарының атын білетінін, бірақ жаңа бас бапкердің ресми тағайындалуы 2026 жылғы Әлем чемпионаты аяқталған соң, шілде айында жарияланатынын айтты.

Le Parisien басылымының мәліметінше, Зидан бірнеше апта бұрын FFF-пен ауызша келісімге келген.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»