7 сағат бұрын
Криштиану Роналду өзінің денсаулығына қатысты жазба жариялады
Криштиану Роналду жарақатына байланысты «Әл-Наср» клубының бірнеше ойынын өткізіп, наурыз айындағы Португалия ұлттық құрамасына шақырылмады. Дүйсенбі күні жұлдызды шабуылшы әлеуметтік желілерде жарияланым жасады деп хабарлайды Sport12.kz.
Роналду жаттығу залында дайындалып жатқан бірнеше фотосуретті көрсетті. Футболшы суреттерге былай деп жазба қалдырды: «Күн сайын жақсарып келемін», – дейді 41 жастағы ойыншы.
«Әл-Наср» Сауд Арабиясының Про-лигасының турнир кестесінде көш бастап тұр. Екінші орында тұрған «Әл-Хиляль» үш ұпайға артта қалып келеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов