2 күн бұрын
«Барселона» жұлдызына «ПСЖ» ірі ұсыныс жасады
Францияның «ПСЖ» клубы «Барселона» вингері Ламин Ямальды сатып алуға ниетті.
Pitch Pulse дерегінше, париждік клуб 17 жастағы футболшы үшін шамамен 350 миллион еуро ұсынуға дайын. Сонымен қатар келісімге шабуылшы Дезире Дуэны қосу мүмкіндігі де қарастырылып отыр.
Бұған дейін «Барселона» президенті Жоан Лапорта каталондық клубқа «ПСЖ»-дан 250 миллион еуро көлемінде ұсыныс түскенін растаған еді. Алайда клуб басшылығы жас жұлдызды сатуға ниетті емес.
Айта кетейік, футбол тарихындағы ең қымбат трансфер әлі күнге дейін Неймардың «Барселонадан» «ПСЖ»-ға 222 миллион еуроға ауысуы болып қала береді.
Осы маусымда Ламин Ямаль барлық турнирде 40 матч өткізіп, 21 гол соғып, 16 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»