24.06.2023
Бақтиер Зайнутдинов тағы бір түркиялық клубтың назарына ілікті

Бақтиер Зайнутдинов
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы, Мәскеудің ЦСКА клубында өнер көрсететін Бақтиер Зайнутдинов Түркия Суперлигасында бақ сынайтын «Бешикташқа» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Fotospor.
Оның кандидатурасын команданың бас бапкері Сенол Гюнеш қарастыруда.
Еске салайық, бұған дейін Түркия чемпионатында қазақстандық футболшылар легионер болып есептелмейтіні белгілі болған еді.
25 жастағы Зайнутдинов өткен маусымда ЦСКА үшін Ресей Премьер-лигасында 21 ойынға қатысып, бір гол соқты, екі нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Ресей кубогінің иегері атанды.
