5 сағат бұрын
«Тобыл» командасы тізгінін кімдер ұстауы мүмкін?
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
Қостанайлық «Тобыл» командасы тізгінін ұстауы мүмкін үміткерлер белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы үш турда қостанайлық команда екі мәрте жеңіліп, бір мәрте тең түсті. Сондықтан ақпарат көздерінде бас бапкер Нұрбол Жұмасқалиев қызметінен кетуі мүмкін деген мәліметтер белгілі болды.
Енді бұл қызметке болгариялық Николай Костов пен Виталий Жуковский келуі мүмкін деген ақпарат айтылып жатыр.
Николай Костов қазір «Ақтөбеде» бас бапкер қызмет атқарады. Маусым басындағы сәтсіздіктен кейін оның да орнын босатуы мүмкін деген хабар тарады.
63 жастағы маман тәжірибелі жаттықтырушы бұған дейін Кипр, Украина, Қазақстан және Болгария клубтарын басқарған. 2002 жылы «Анортосиспен» Кипр кубогын жеңіп алған. Қазақстанда «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспийді» жаттықтырды.
Ал Виталий Жуковский маусым басында «Атырау» тізгінін ұстаған еді. Дегенмен белгісіз себеппен бірінші тур алдында қызметінен кетіп қалды.
1984 жылы дүниеге келген ол еңбек жолын 2010 жылы беларустік «Ислочь» командасының бас бапкері болып бастады.
2015 жылы аталған ұжым Белорус бірінші лигасының жеңімпазы болды. 2020 жылы сол елдегі БАТЭ клубының тізгінін ұстап, чемпионаттың күміс медалі мен кубок иегері атанды.
2022 жылдан қазақстандық «Атырау» клубының тізгінін ұстап, былтыр команда Қазақстан кубогының финалына жетті. Ел біріншілігінде жетінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»