Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

FIFA Series: Комор аралдары өз құрамын жариялады

FIFA Series: Комор аралдары өз құрамын жариялады

Фото: dw.com

Футболдан Комор аралдары құрамасы FIFA Series турниріне қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Комор аралдары Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) ұлттық құрамаларға арналған жаңа форматтағы FIFA Series турнирінің Астанада өтетін ойындарында бақ сынайды.

Алғашқыда оған Қазақстан, Намибия, Комор аралдары және Кувейт қатысады деп жоспарланған еді. Енді Кувейттің бас тартуына байланысты ойындарды айналмалы жүйе бойынша өткізуге шешім қабылданды.

Қақпашылар: Наим Саид Мчиндра («Тулуза B», Франция), Янник Пандор («Франс Борайнс», Бельгия), Адель Анзимати («Арарат», Армения);

Қорғаушылар: Вармед Омари («Гамбург», Германия), Яннис Кари («Франс Борайнс», Бельгия), Кенан Тоибибу («Браво», Словения), Исмаэль Бура («Труа», Франция), Ахмед Сойлихи («Тулон», Франция), Аким Абдаллах («Генгам», Франция), Али Мохамед Абдаллах («Обань», Франция), Идрис Мохамед («Ле-Пюи», Франция);

Жартылай қорғаушылар: Ясин Бурхане («Арис», Кипр), Ияд Мохамед («Каса Пия», Португалия), Раян Утин («Амьен», Франция), Зайду Юссуф («Аль-Фатех», Сауд Арабиясы), Рауф Мроивили («Вильфранш», Франция);

Шабуылшылар: Фаиз Маттуа («Септември», Болгария), Али Абу-Бакар Абдаллах («Франс Борайнс», Бельгия), Саид Хуссейн Закуани («Аль-Зульфи», Сауд Арабиясы), Адель Махамуд («Эпиналь», Франция), Реми Вита («Тондела», Португалия), Заид Амир («Истр», Франция), Аймерик Ахмед («Шатору», Франция).

Алдымен қазақстандық футболшылар 25 наурызда Намибиямен шеберлік байқасса, 31 наурызда Комор аралдарымен жасыл алаңға шығады.

Ал 28 наурызда Намибия мен Комор аралдары жасыл алаңға шығады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»