2 сағат бұрын
Айбол Әбікен: «Намибиямен ойынға толық дайынбыз»
Фото: ҚФФ
Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Айбол Әбікен Астанада өтетін FIFA Series 2026 турнирінің шымылдығын ашатын Намибияға қарсы матч алдында команданың дайындығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
«Ертеңгі матчқа дайындық жақсы деңгейде деп айта аламын. Командадағы барлық ойыншы жақсы формада, көңіл-күй де жоғары. Ойынға толық дайынбыз.
Құрамаға жаңадан қосылған ойыншыларды алғаш рет келді деп бөліп-жарып жатқан жоқпыз. Барлығы – өзіміздің жігіттер. Бір-бірімізді бұрыннан танимыз. Бапкерлер штабы әр ойыншымен жеке сөйлесіп, олардың командаға тез бейімделуіне көмектесіп жатыр.
Мен өз тарапымнан алаң ортасында ойынды басқаруға, командада көшбасшылық көрсетуге дайынмын. Бапкердің сенімін ақтау үшін бар күшімді саламын. Командаға көмектесіп, өз ойынымды көрсетуге толық дайынмын», деді Айбол Әбікен.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»