4 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан U17 құрамасы Аустриямен тең ойнады
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан U17 жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының А лигасында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандастарымыз төртінші топта бақ сынайды. Қарсыластары - Аустрия, Дания және Чехия құрамалары.
Бүгін алғашқы ойында қазақстандық футболшылар Аустриямен 0:0 есебімен тең ойнады.
Енді олар 28 наурызда Даниямен жасыл алаңға шықса, 31 наурызда Чехиямен шеберлік байқасады.
U-17. 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты. А лигасы. 4-топ
28.03.26. 21:00
Қазақстан - Дания
31.03.26. 19:00
Қазақстан - Чехия.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»