4 сағат бұрын
«Қайраттың» тоғыз ойыншысы Қазақстан U-19 құрамасының негізгі құрамына ілікті
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Футболдан Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеуінің элиталық кезеңіндегі Румынияға қарсы кездесуде алматылық «Қайраттың» қанша ойыншысы негізгі құрамда жасыл алңға шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу 20:00-де басталды. Тікелей трансляция KFF_TV YouTube-арнасында көрсетіліп жатыр. Әзірге 1:0 есебімен қазақстандық футболшылар алда келеді.
Қазақстан U-19 құрамасының бастапқы құрамында бірден «Қайраттың» тоғыз ойыншысы бар: Шерхан Қалмұрза, Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Әкежан Каликулов, Мұхамедали Әбіш, Евгений Петрик, Абылай Төлеухан, Мансур Биркурманов, Азамат Туякбаев. Қосалқы құрамда — Райымбек Кенесбеков, Карим Махаметжан, Исмаил Бекболат.
Осы жиыннан бастап Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бапкерлер штабына «Қайрат» өкілдері де қосылды. Олар — аға бапкер көмекшісі Русланжан Раимбакиев пен қақпашылар бапкері Евгений Овчинников.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»