4 сағат бұрын
EURO: Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы алғашқы кезеңде Румынияны жеңіп жатыр
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы 2025/26 Еуропа чемпионатына іріктеудің элиталық раундының бірінші матчында Румынияға қарсы кездесудің алғашқы кезеңін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесудің 13-ші минутында қазақстандық Абылай Төлеухан команда капитаны Азамат Тұяқбаевтың пасын шебер пайдаланып, қарсылас қақпасынан саңылау тапты.
Бесінші топтағы аталған кездесу Румынияда өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы алаңға алғашқы минуттан төмендегі құраммен шықты: Шерхан Қалмұрза (қ), Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Шыңғыс Қалиев, Әкежан Қалиев, Әли Ақылбаев, Мұхамедали Әбіш, Евгений Петрик, Мансур Біркурманов, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев (к).
Қазақстан футболшылары бұл топта Румыниядан өзге Украина мен Солтүстік Ирландия құрамаларымен шеберлік байқасады. Топтың жеңімпазы Уэльсте жазда өтетін финалдық турнирге жолдама алады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»