Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Намибиямен кездесу жайында пікірін білдірді

FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Намибиямен кездесу жайында пікірін білдірді

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов FIFA Series-2026 турниріндегі Намибиямен кездесу жайында ой-пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандастарымыз бүгін Астанада өтіп жатқан турнирде Намибия құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

- Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын! Біз ойынның дәл осылай өрбитінін білдік. Біріншіден, біз Африкадан келген Намибия құрамасының әлеуетін білеміз. Олардың жылдам және тәжірибелі ойыншылар екенін есімізден шығарған жоқпыз.

Бастысы, біз жеңіске жете алдық. Екіншіден, біз өз ойынымызды әлі де тұрақтандыруымыз керек. Бұл - біз үшін биылғы бірінші матч. Ойыннан кейін талдау жасаймыз, көреміз. Енді алдағы ойынға дайындаламыз.

- Қақпашыларды ауыстыруға не себеп болды?

- Біз ауыстырулар болатынын алдын-ала айттық. Біз ойыншылар шеберлігін көруіміз керек. Қақпашыларға келетін болсақ, бізде үш қақпашы бар. Біз олардың дайындық барысын таразылап көргенді дұрыс санаймыз.

Ертең жігіттерге демалыс болады. Олар Қазақстан Премьер-лигасында үш тур ойнады, біз мұны да түсінеміз. Дайындық небәрі екі күн болды.

Енді талдау жасаймыз, содан кейін жігіттермен сөйлесеміз. Уақыт бар. Айта кетсек, Комор құрамасында жақсы ойыншылар аз емес. Олардың арасында Франциядан келгендер бар. Әрине, жігіттер мұны біледі және түсінеді. Қазір бізде уақыт болады. Құдай берсе, жақсы дайындаламыз деп ойлаймын, - деді бас бапкер.

Енді қазақстандық футболшылар 31 наурызда Комор аралдарымен жасыл алаңға шығады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»