Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Футболдан Қазақстан U-19 құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңін сәтті бастады

Футболдан Қазақстан U-19 құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңін сәтті бастады

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы 2025/26 Еуропа чемпионатына іріктеудің элиталық раундында алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық футболшылар бесінші топта сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Украина, Румыния және Солтүстік Ирландия.

Отандастарымыз бүгін Румыниямен шеберлік байқасты. Ойын барысында олардың қатарынан Абылайхан Төлеухан 13, Азамат Тұяқбаев 66-минутта мергендік танытты.

Іріктеу кезеңінің матчтары 2026 жылдың 25–31 наурызы аралығында Румынияда өтеді. Әр топтың жеңімпазы 2026 жылдың 28 маусымы мен 11 шілдесі аралығында Уэльсте өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.




Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»