2 сағат бұрын
Америкалық шабуылшы “Ақтөбе” сапында ойнайтын болды
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
Америкалық шабуылшы Морган Рис “Ақтөбе” арулар командасын күшейтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Пенсильвания тумасы өз мансабын Harriton жоғары мектебінде бастап, кейіннен Drexel University командасында ойнаған.
25 жастағы форвард Ирландияның “Шелбурн” клубы сапында соңғы жылдары жақсы өнер көрсетіп, жүлделі орындарға қол созды. Сондай-ақ 2024 жылы FAI Women’s Cup жеңімпазы атанды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»