2 сағат бұрын
Артур Шушеначев ҚПЛ-да 100-ші матч өткізді
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
«Ақтөбе» командасының 27 жастағы шабуылшысы Артур Шушеначев «Елімайға» қарсы ойында (1:4) Қазақстан Премьер-лигасында 100-ші матч өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жамбыл футболының тәрбиеленушісі Артур Шушеначев «Қайрат» сапында 2017 жылдың 26 тамызында «Атырау» командасына қарсы кездесуде (1:0) тұсаукесер ойынын өткізді. Ол «Қайрат» сапында барлығы 86 матч, 31 гол соқты.
«Ақтөбе» сапында шабуылшы қазірге дейін 14 матчта 8 гол соқты.
Премьер-лигада барлығы Шушеначев 100 матч өткізіп, 39 мәрте мергендік танытты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»