Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

«Шахтер» клубының жаңа маусымға арналған ресми таныстырылымы өтті

«Шахтер» клубының жаңа маусымға арналған ресми таныстырылымы өтті

Іс-шараға негізгі команда ойыншыларымен қатар академия тәрбиеленушілері, әйелдер лигасының өкілдері және клуб жанкүйерлері қатысты, деп хабарлайды Sport12.kz

Кештің ресми бөлігі динамикалық атмосфера сыйлаған жарқын пиксельді шоумен басталды. Бағдарламаның маңызды бөліктерінің бірі команданың жаңа ойын формасын таныстыру болды. Қонақтарға клубтың дәстүрлі түстерін сақтай отырып, заманауи стильде жасалған жаңа жиынтықтар ұсынылды.

Кештің негізгі оқиғасы — команданың таныстырылымы болды. Сахнаға кезекпен футболшылар, бапкерлер штабы және клуб қызметкерлері шықты. Іс-шара барысында жанкүйерлерге құттықтау сөз сөйлеген спорт директоры Арсен Инкарбеков пен команда капитаны Игорь Шацкий жаңа маусымға дайындықты және жанкүйерлер қолдауының маңыздылығын атап өтті.

Клуб ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. «Шахтердің» аңыз ойыншылары — Пётр Асылбаев, Андрей Финонченко және Айдос Таттыбаев сахнаға шақырылып, оларға естелік жейделер табысталып, клубтың Даңқ залына енгізілгені жарияланды.

Кештің маңызды сәттерінің бірі — Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов сөз сөйледі. Ол клубтың стратегиялық даму бағытын айқындап берді:

«Команда жаңа маусымға нақты мақсаттармен және айқын жоспармен кіріп отыр. Негізгі басымдық жергілікті жастарға, клуб жүйесінде тәрбиеленген ойыншыларға беріледі. Біз тек команда ғана емес, толыққанды экожүйе — академия, инфрақұрылым және басқарудың жаңа тәсілдерін қалыптастырып жатырмыз. “Шахтердің” жаңа тарихы бүгіннен басталады».

Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсан айында Шахтер Қарағанды Freedom Holding Corp. құрамына енді. Бұл клубтың тұрақты дамуына, басқару тиімділігін арттыруға және спорттық әрі коммерциялық әлеуетін күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашты.

Ресми бөлім Дастан Оразбеков қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Одан кейін қонақтар ойыншылармен және клуб өкілдерімен еркін форматта тілдесу мүмкіндігіне ие болды.

Кеш соңында негізгі құрам ойыншыларының қатысуымен автограф-сессия ұйымдастырылып, жанкүйерлер футболшылармен жүздесіп, естелік суретке түсіп, қолтаңба алды.

Аталған іс-шара клубтың дамуы жолындағы маңызды кезеңге айналып, команда мен жанкүйерлер арасындағы байланысты нығайтып, алдағы маусымға жағымды көңіл-күй қалыптастырды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»