4 сағат бұрын
Еркебұлан Нұрғалиев «Оқжетпес» ойыншысы атанды
Фото: «Оқжетпес» футбол клубы
«Оқжетпес» футбол клубы тәжірибелі жартылай қорғаушы Еркебұлан Нұрғаливепен ресми келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Еркебұлан Нұрғалиев 1993 жылы 12 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. Кәсіби футбол мансабын «Спартак» (Семей) командасында бастап, «Ертіс», «Алтай», «Верея», «Ақжайық», «Шахтёр», «Каспий», «Ақтөбе», «Елімай» командаларының жейдесін киген.
2017 жылғы футбол маусымында Еркебұлан Нұрғалиев «Оқжетпес» намысын қорғаған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»