3 сағат бұрын
Қазақстан футбол федерациясы бас хатшысы қызметіне шетелдік келуі мүмкін
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан футбол федерациясында тағы бір шетелдік маман қызметке келуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев өзінің телеграм парақшасында жазды.
- Менің ақпаратым бойынша, Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров басқа елдің өкілін бас хатшы лауазымына шақыру жөнінде нұсқаны қарастыруда. Айта кетейік, федерацияда негізгі лауазымдарда шетелдік мамандар бар. Судьялар мен инспекциялар департаментінің директоры қызметін португалдық Нуну Каштру атқарса, техникалық директор міндеті молдовандық Геннадий Скуртулға жүктелген.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»