5 сағат бұрын
Николай Костов «Ақтөбе» бас бапкері қызметінен кетті
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
Екі жақтың келісімі бойынша Николай Костов «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметінен ресми түрде кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
62 жастағы болгариялық маман былтырғы маусымның ортасында команданы қиын-қыстау кезеңде тізгіндеп, ақ-қызылдармен бірге чемпионатта бесінші орынға табан тіреді.
2025 жылдың тамызынан бері Костовтың басшылығымен “Ақтөбе” ҚПЛ аясында он ойын өткізіп, оның төртеуін жеңсе, біреуінде тең ойнады және қалған бесеуінде жеңіліске ұшырады.
Костовпен бірге оның екі көмекшісі Йоан Даниелов-Атанасчев пен Михаил Цоков та ақ-қызылдармен қош айтысты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»