3 сағат бұрын
«Қайрат» Санкт-Петербургке жетті
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Санкт-Петербург әуежайының уақытша жабылуына байланысты команда алдымен Мәскеуге қонып, кейін межелі жеріне автобуспен жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін сары-қаралар «Зенит» футбол клубының базасында матч алдындағы жаттығуын өткізеді.
Алматылық «Қайрат» командасы Реесйдің «Зенит» командасымен жолдастық кездесуге қатысатын құрамын жариялады.
Қақпашылар: Данила Буч, Бахтияр Алдашев;
Қорғаушылар: Александр Мартынович, Луиш Мата, Лукас Африко, Дамир Қасаболат, Лев Кургин, Адлан Нұрғалиев, Мұстафа Шен, Абдулазиз Мамедов;
Жартылай қорғаушылар: Дан Глазер, Себастьян Себальос, Әділет Садыбеков, Шыңғыс Дүйсенбек;
Шабуылшылар: Эдмилсон, Рикардиньо, Дәулет Орынбасар, Нилеш Шарма.
Жолдастық кездесу 28 наурызда Санкт-Петербург қаласындағы «Газпром Арена» аренасында Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»