3 сағат бұрын
EURO-2027: Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Словакияға есе жіберді
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Словакияға есе жіберді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық футболшылар D тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Англия, Словакия, Ирландия, Андорра, Молдова.
Кездесу барысында отандастарымыз қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Енді олар 31 наурызда Ирландия құрамасымен кездеседі.
Қазіргі таңда жастар құрамасы 5 кездесуде бір рет жеңіске жетіп, бір рет тең нәтижеге қол жеткізді, қалған кездесулерде қарсыластарына есе жіберді. Нақты есептерге тоқталсақ, Андорраны 1:0 есебімен қапы қалдырды, Молдовамен 1:1 есебімен тең түскен, ал Англиядан 0:2, Андоррадан 0:1, Словакиядан 1:2 есебімен жеңілді.
Іріктеу кезеңі 2025 жылдың 5 маусымы мен 2026 жылдың 6 қарашасы аралығында өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»