6 сағат бұрын
FIFA Series: ұлттық құрамаға «Астананың» үш ойыншысы келді
Фото: ҚФФ
FIFA Series турнирі аясында Комор аралдарына қарсы матчқа дайындығын жалғастырып жатқан Қазақстан құрамасы жиынына «Астана» ойыншылары Бауыржан Исламхан, Абзал Бейсебеков және Дмитрий Шомко келді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ұлттық құраманың Instagram-аккаунтында «Астана аренадан» бейнежазба жарияланды. ФИФА турниріндегі екінші матч алдында жаттығуға құрамада бұрын ойнаған, қазір «Астан«» футболшылары Бауыржан Исламхан, Абзал Бейсебеков және Дмитрий Шомко келді. Ойыншылар мен жаттықтырушылар штабы бір кездері халықаралық аренада еліміздің атынан қатысқан бұрынғы ойыншыларды жылы қарсы алды.
«Бұл жігіттерді сағынғандар бар ма? Ұлттық құрама Бауыржан Исламхан, Дмитрий Шомко және Абзал Бейсебековпен кездесті», - деп жазылған онда.
Исламхан құрамада 54 матчта 6 гол соқты, Шомко бас командада 48 ойында 2 мәрте мергендік танытса, Бейсебеков 48 матчта ұлттық құрама жейдесін киді.
31 наурызда Қазақстан құрамасы «Астана Аренада» Комор аралдарына қарсы FIFA Series турнирі аясында екінші матч өткізеді. Намибияға қарсы алғашқы ойын Қазақстанның 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»