6 сағат бұрын
Виктор Мозес жарақатынан кейін «Қайсар» сапына қайтадан қосылды
Фото: Әділжан Үмбет
«Қайсар» командасының нигериялық шабуылшысы Виктор Мозес алған жарақатынан кейін қайтадан оқу-жаттығу жиынына кірісті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Нигериялық футболшы команда сапына биыл қосылды.
Футболшы 1990 жылы Нигерияның Лагос қаласында дүниеге келген. Англияның «Кристал Пэлас» командасының түлегі алдымен сол клубта 2007 жылы мансабын бастап, одан кейін «Уиган Атлетик», «Челси», «Ливерпуль», «Сток сити», «Вест Хэм Юнайтед», «Лутон Таун», Түркияның «Фенербахче», Италияның «Интер», Ресейдің «Спартак» клубтарында доп тепкен.
2012-2018 жылдары Нигерия ұлттық құрамасының намысын қорғады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»