Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

 FIFA Series: Қазақстан құрамасының қарсыластары қалай ойнады?

 FIFA Series: Қазақстан құрамасының қарсыластары қалай ойнады?

Фото: gettyimages.com

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қатысуымен Астанада өтіп жатқан FIFA Series 2026 турнирінде тағы бір кездесудің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл ойында Намибия және Комор аралдары құрамалары шеберлік байқасты. Кездесу барысында қарсыластар бір-бірінің қақпасына гол соға алған жоқ.

Ережеге сәйкес ойында тең нәтиже тіркелмейді. Сондықтан қарсыластар матч соңында пенальти тепті. Бұл жолы Намибия 5:4 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, бұдан бұрын олар алғашқы кездесуде Қазақстанға 0:2 есебімен есе жіберген еді.

Енді отандастарымыз 31 наурызда Комор аралдарымен ойнайды.

Турнирдің негізгі мақсаты – ұлттық құрамалардың ойын тәжірибесін арттырып, әртүрлі футбол мектептерінің бір-бірімен бәсекеге түсуіне мүмкіндік беру.

FIFA Series аясында әр топқа түрлі құрлықтан төрт командадан бөлінеді. Әрбір құрама екі матч өткізеді. Бұл халықаралық күнтізбеге артық жүктеме түсірмей, сонымен бірге сапалы ойын тәжірибесін қамтамасыз етуге бағытталған.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»