3 сағат бұрын
«Тұран» бас бапкер ауыстыруы мүмкін
Фото: ҚФФ
Қазақстандық маман Самат Смақов түркістандық «Тұран» командасы тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz журналист Эльдар Аманбаевқа сілтеме жасай отырып.
«Түркістаннан қызықты жаңалықтар келді. Менің ақпаратым бойынша, «Тұран» маусым басталар алдында бас бапкерді алмастыруы мүмкін. Самат Смақов алдағы аптада команданың жаңа бас бапкері болуы ықтимал. Бұл нұсқа қазірдің өзінде қызу талқылануда» деп мәлім етті спорт журналисі.
Айта кетсек, «Тұран» футбол клубы кәсіпкер Дінмұхамед Ідрісовке тиесілі Ordabasy Group компаниясына сатылды.
Сатылым екінші талпыныста жүзеге асты: бірінші аукционда клуб 1,054 млн теңгеге сатылмай қалған болатын. Қайта өткізілген саудада бастапқы баға төмендетіліп, соңында 1,1 млн теңгеге жетті.
Айта кетсек, бұдан бұрын командаға ресейлік Виктор Кумыков тағайындалған еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»