Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

«Атырау» сапына бразилиялық шабуылшы қосылды

«Атырау» сапына бразилиялық шабуылшы қосылды

Фото: smi24.kz

Бразилиялық шабуылшы Энрике Девенс «Атырау» футбол клубының ойыншысы атанды. 28 жастағы футболшы команда сапына қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Энрике Девенс қазақстандық жанкүйерлерге «Тобыл» сапында көрсеткен өнерімен таныс. Өткен маусымның екінші жартысында ол 8 матч өткізіп, екі нәтижелі әрекеттің авторы атанды.

Айта кетейік, 2025 жылы бразилиялық футболшы «Жальгирис» клубында ойнады. Сол кезде ол «Атырау» клубының қазіргі бас бапкері Владимир Чебуринмен бірге жұмыс істеді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»