6 сағат бұрын
«Астана» экс-бапкері РПЛ клубына тағайындалуы мүмкін
Самараның «Крылья Советов» клубының бас бапкері қызметіне Магомед Адиевтің орнына Сергей Юран келуі мүмкін.
Ресейлік клуб басшылығы «Астана» командасының бұрынғы бапкерін Премьер-лигада орнын сақтап қала алатын маман ретінде қарастырып отыр.
Мәліметке сәйкес, жақын уақытта самаралық клуб Адиевпен келісімшартты ресми түрде бұзуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда команда РПЛ турнирлік кестесінде 13-орында тұр.
Бұған дейін Магомед Адиевтің «Ақтөбе» клубымен келіссөз жүргізу үшін Қазақстанға келгені туралы ақпарат тараған еді. Алайда маманның өзі Самарадағы жұмысын жалғастыратынын айтқан болатын.
Айта кетейік, Сергей Юран 2009 жылы «Астана» клубын жаттықтырған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»