6 сағат бұрын
Нигериялық шабуылшы «Қайсар» сапын толықтырды
Нигериялық шабуылшы Имо Эзекиль 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасы маусымына «Қайсар» клубының құрамына ресми түрде тіркелді.
32 жастағы футболшы қызылордалық командада 70-нөмірмен өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Эзекиль маусымның алғашқы матчтарына қатысқан жоқ. Үш турдан кейін «Қайсардың» еншісінде екі ұпай бар, команда турнирлік кестеде 13-орында тұр.
Андрей Ферапонтов жаттықтыратын ұжым «Жеңіспен» (1:1) және «Астанамен» (0:0) тең ойнап, «Ордабасыдан» (0:2) жеңілген болатын.
Төртінші турда «Қайсар» өз алаңында «Қызылжарды» қабылдайды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»