Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Қазақ төрешілері Еуро іріктеу матчтарына тағайындалды

Қазақ төрешілері Еуро іріктеу матчтарына тағайындалды

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) қазақстандық төрешілер бригадаларына жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарын сеніп тапсырды.

Швейцарияда өтетін U-19 Еуро-2027 іріктеу ойындарында бас төреші Саят Қарабаев пен оның көмекшісі Дмитрий Белоградов қызмет етеді. Бұл турнирде Франция, Швейцария, Венгрия және Уэльс құрамалары бақ сынауда.

Нидерландта кездесулерді Данияр Сахи бастаған бригада басқарады. Оған Юрий Тихонюк көмектеседі. Мұнда Нидерланд, Фарер аралдары, Солтүстік Македония және Молдова құрамалары қатысуда.

Ал Германияда өтетін U-19 Еуро-2026 элиталық кезең матчтарына төреші Булат Сариев тағайындалса, оның ассистенті — Сергей Васютин.

Сонымен қатар, қазақстандық маман Павел Салий Хорватиядағы элиталық кезең ойындарында инспектор ретінде жұмыс істейді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»