4 сағат бұрын
Ақылбек Досжанов: «Прогресс орнына кері кетіп бара жатырмыз»
BAS Production компаниясының бас директоры Ақылбек Досжанов Қазақстан футболы матчтарын түсіру сапасына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, командасының басты мақсаты – жанкүйерлерге сапалы трансляция ұсыну, бірақ биыл қаржыландырудың қысқаруы және кейбір ойындарды басқа компанияға беру трансляция сапасына кері әсер еткен.
«2025 жылы Қызылордада Қазақстан Кубогының финалында барлық матчтарды бірнеше камерамен түсірдік. Сол кезде әрбір ойынға үлкен жауапкершілікпен қарадық. Тек ҚПЛ матчтарын ғана емес, Бірінші, Екінші және Әйелдер лигасының ойындарын да қамтыдық. Биыл қаржыландыру қысқарды, төменгі лига ойындары басқа компанияға берілді. Біз үшін бастысы – трансляция сапасынан үнемдеуге болмайды», – деді Досжанов.
Оның мәліметінше, өткен маусыммен салыстырғанда биылғы маусымдағы камера саны азайған:
- ҚПЛ матчтары – 8 камерадан 7 камераға дейін
- Бірінші лига – 7 камерадан 4 камераға дейін
- Екінші лига – 5 камерадан 4 камераға дейін
- Әйелдер лигасы – 7 камерадан 4 камераға дейін
«Прогресс жасау орнына кері кетіп бара жатқан сияқтымыз. Алдағы уақытта осы жағдайдың себептері мен жауаптыларын егжей-тегжейлі түсіндіремін», – деді BAS Production бас директоры.
Ақылбек Досжановтың сөзі бойынша, басты мақсат – көрерменге сапалы футбол трансляциясын ұсынуды жалғастыру.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»