7 сағат бұрын

Нұралы Әліп ұлттық құрама сапында 50 ойын өткізді

Нұралы Әліп ұлттық құрама сапында 50 ойын өткізді

Фото: ҚФФ

Қазастандық қорғаушы Нұралы Әліп үшін Астанада өтіп жатқан FIFA Series-2026 турниріндегі Намибияға қарсы өткен кездесу ұлттық құрама сапындағы 50-матч болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Нұралы Әліп Қазақстан ұлттық құрама сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Алғашқы ойынын Мажарстанда 2018 жылдың 26 наурызында Болгарияға қарсы өткізген еді.

Нұралы Әліп 1999 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. 2018-2022 жылдары алматылық «Қайрат» сапында ойнаса, 2022 жылдан бері ресейлік «Зенит» командасының намысын қорғап келеді.

Бұл жөнінен Самат Смақов көш бастап тұр. Ол 2000-2016 жылдары ұлттық құрама сапында 76 кездесуде жасыл алаңға шығып, 2 мәрте мергендігімен көзге түсті.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»