6 сағат бұрын
Талғат Байсуфинов: қарсыластарымыздың футболшылары Еуропада доп тебеді
Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов FIFA Series жолдастық турниріндегі Комор аралдары құрамасына қарсы матчтан күткен үмітімен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz.
– Намибиямен ойында біз африкалық футболдың қандай екенін өз көзімізбен көрдік. Енді Комор құрамасымен ойнаймыз. Олардың сапында Еуропада өнер көрсететін футболшылар бар. Жігіттер бәрін түсінеді, бізде қалпына келуге де, алаңға қандай философия мен стильмен шығатынымызды жақсырақ түсінуге де уақыт болды. Біз тек жеңіс үшін ойнаймыз – ол бізге де, футболшыларға да, жанкүйерлерге де қажет.
Айта кетейік, ойын ертең, 31 наурыз күні кешкі 17:00-де басталады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов