4 сағат бұрын

«Қайраттың» «Зенитпен» кездесуінде бес түлегі алғашқы ойынын өткізді

«Қайраттың» «Зенитпен» кездесуінде бес түлегі алғашқы ойынын өткізді

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Алматылық «Қайрат» командасында «Зенитке» қарсы жолдастық кездесу 5 академияның түлегі үшін дебют ойын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Бастапқы құрамда 17 жастағы қақпашы Данила Буч пен 19 жастағы қорғаушы Адлан Нұрғалиев алаңға шықты.

Екінші таймда ойынға 20 жастағы жартылай қорғаушы Шыңғыс Дүйсенбек, 17 жастағы шабуылшы Дәулет Орынбасар, 18 жастағы қорғаушы Мұстафа Шен қосылды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»