4 сағат бұрын
Бундеслига Азамат Тұяқбаевқа қызығушылық білдірді
Фото: ҚФФ
Германия Бундеслигасының скауттары Азамат Тұяқбаевқа қызығушылық білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде инсайдерлік ақпарат көздерінен белгілі болды.
Еуропа чемпионаты элиталық кезеңіндегі Қазақстан U-19 - Украина U-19 құрамаларының кездесуіне Германия Бундеслигасы мен Италияның А сериясының скауттары келген. Олар Азамат Тұяқбаевтың ойын барысын бақылады.
Азамат Тұяқбаев бұл іріктеу кезеңіндегі 25 наурызда Румынияға қарсы өткен кездесуде бір гол соғып және бір нәтижелі пас шығарып берді.
Айта кетсек, іріктеу кезеңінің матчтары 2026 жылдың 25-31 наурызы аралығында Румынияда өтіп жатыр. Әр топтың жеңімпазы 2026 жылдың 28 маусымы мен 11 шілдесі аралығында Уэльсте өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»