3 сағат бұрын
Елжас Алтынбеков мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Қазақстандық 32 жастағы шабуылшы Елжас Алтынбеков мансабын Қазақстан Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Елжас Алтынбеков 2026 жылдың басында өзінің төл командасы - «Қайсар» клубынан кеткеннен кейін еркін агент мәртебеге ие болды.
Қазіргі таңда ашық дереккөзде ол «Каспий« клубымен ресми келісімшартқа отыратыны туралы ақпарат тарап жатыр.
Өткен маусымда ол «Қайсар» сапында ойнады.
Алтынбеков Елжас Бақытұлы 1993 жылы 22 қарашада Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Өз мансабында «Қайсардан» өзге «Жетісу» клубында доп тепті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»