6 сағат бұрын

Футболдан Қазақстан құрамасы Астанада өткен FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанды

Футболдан Қазақстан құрамасы Астанада өткен FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанды

Фото: ҚФФ

Бүгін Астанада футболдан FIFA Series 2026 турниріінде екінші ойында Қазақстан құрамасы Комор аралдарымен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл кездесуде алғашқы минуттан Қазақстан құрамасы сапында Темірлан Анарбеков (Қ) – Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Әлібек Қасым, Арсен Әшірбек, Исламбек Қуат, Рамазан Оразов, Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Ислам Чесноков, Оралхан Өміртаев жасыл алаңға шықты.

Сондай-ақ Комор аралдарында Наим Саид Мчиндра, Аким Абдаллах, Кенан Тоибибу, Яннис Кари, Якин Сайд Ммади, Яссин Саинду, Ияд Мохамед, Рауф Мроивили, Саид Хуссейн Закуани, Хуссейн Закуани, Абубакар Али негізгі құрамға ілікті.

Кездесу барысында қазақстандық футболшылар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде небәрі 3-минутта қазақстандық Рамазан Оразов қарсыластар қарсыластар қателігін пайдаланып, өз құрамасын алға шығарды.

Екінші кезеңде екі құраманың да есепті өзгертетін мүмкіндігі болған еді. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ.

Нәтижесінде қазақстандық футболшылар 1:0 есебімен ежңіп, турнирдің жеңімпазы атанды.

Отандастарымыз турнирдегі алғашқы ойында 25 наурызда Намибияны 2:0 есебімен жеңсе, Комор аралдары 28 наурызда Намибияға пенальтиден 4:5 есебімен жеңіліп қалды.

Турнирдің негізгі мақсаты – ұлттық құрамалардың ойын тәжірибесін арттырып, әртүрлі футбол мектептерінің бір-бірімен бәсекеге түсуіне мүмкіндік беру.

FIFA Series аясында әр топқа түрлі құрлықтан төрт командадан бөлінеді. Әрбір құрама екі матч өткізеді. Бұл халықаралық күнтізбеге артық жүктеме түсірмей, сонымен бірге сапалы ойын тәжірибесін қамтамасыз етуге бағытталған.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»