6 сағат бұрын

Астанада өткен FIFA Series турнирінің үздік ойыншысы анықталды 

Астанада өткен FIFA Series турнирінің үздік ойыншысы анықталды 

Фото: ҚФФ

Ислам Чесноков Астанада өткен футболдан FIFA Series 2026 турнирінің үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жартылай қорғаушы турнир барысында Намибия және Комор аралдары құрамаларымен кездесуде негізгі құрамда жасыл алаңға шықты. Отандастарымыз бұл ойындарда Намибияны 2:0, Комор аралдарын 1:0 есебімен жеңді. Ол ұлттық құраманың турнир жеңімпазы атануына үлкен үлес қосты.

Ислам Чесноков ұлттық құрама сапында 2023 жылдан бері ойын көрсетіп келеді. Қазірге дейін 23 кездесуде қарсыластар қақпасына 3 гол соғып үлгерді.

Ислам Чесноков 1999 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Сол қаланың «Алтай» командасының түлегі футболдағы алғашқы қадамын 2018 жылы өз ұжымында бастады. Одан кейін 2021-2022 жылдары Беларусьтің «Белшина» сапында ойнаған ол 2023 жылдан бері Қостанайдың «Тобыл» командасының намысын қорғап келеді.

2023 жылдан бері ұлттық құрама сапында 21 ойында 3 гол соғып үлгерді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»