6 сағат бұрын
УЕФА сарапшылары Семей мен Қызылордадағы стадиондарды тексеруден өткізеді
Фото: ҚФФ
Спорттық инфрақұрылымды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша жұмыс шеңберінде Қазақстанда УЕФА сарапшыларының инспекциялық сапарлары болады, деп хабарлайды Sport12.kz.
2026 жылғы 19 сәуірде Семейдегі "Спартак" стадионының инспекциясы өтеді. Ал 21-22 сәуірде Қызылордадағы "Қайсар Арена" стадионының инспекциясы жоспарланған.
Сапарлар барысында стадиондардың инфрақұрылымы бойынша УЕФА регламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау жүргізіледі (2025 жылғы редакция). Тексеру қорытындысы бойынша стадиондарға тиісті халықаралық санат берілуі мүмкін. Бұл болашақта УЕФА қамқорлығымен ресми матчтарды қабылдауға мүмкіндік береді.
Аталған инспекцияларды өткізу Қазақстан футбол федерациясының футбол инфрақұрылымын дамытудың маңызды кезеңі болып табылады: Ол ел аумағында халықаралық жарыстар өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»