5 сағат бұрын

«Жеңіс» әйелдер футбол клубы жас талантты қатарға қосты

«Жеңіс» әйелдер футбол клубы жас талантты қатарға қосты

Фото: «Жеңіс» футбол клубы

«Жеңіс» әйелдер футбол клубы қазақстандық Малика Тоқтардың команда сапына қосқанын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Малика – қазақстандық әйелдер футболындағы жас таланттардың бірі. Ол қорғаушы позициясында өнер көрсетіп, алаңдағы сенімді ойынымен, еңбекқорлығымен және жоғары ойын тәртібімен ерекшеленеді.

Футболшы бұған дейін «Жетысу» клубының намысын қорғап, тұрақты түрде негізгі құрамда ойын көрсетіп, команда нәтижесіне өз үлесін қосты. Өткен маусымда бірнеше матчқа қатысып, қорғаныстағы сенімді ойынымен көзге түсті.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»