5 сағат бұрын
Хромтау қаласына 18 жылдан кейін үлкен футбол қайта оралды
Фото: Хромтау ауданының әкімдігі
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың тапсырмасымен құрылған «Хромтау» футбол командасы жаңа маусымда Екінші лигада ойнайтын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігі мәлім етті.
Футболдан «Екінші лига» командалары арасындағы Қазақстан Республикасы біріншілігіне қатысатын «Хромтау» футбол клубының ойыншыларын таныстыру рәсімі өтті. Рәсім аясында аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов командамен кездесіп, ашық форматта пікір алмасты.
Кездесу барысында өңірде футболды дамыту бағытындағы мәселелер қозғалып, алдағы жоспарлар талқыланды. Аудан әкімі командаға алдағы ойындарда сәттілік тілеп, жүйелі дайындық пен жоғары жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
Өз кезегінде футбол клубының мүшелері көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыстарын білдіріп, бұл сенім олардың жігерін арттыратынын жеткізді.
Айта кетсек, Хромтау қаласында бұдан бұрын 1990-2008 жылдары «Горняк» командасы ойын көрсеткен еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»