8 сағат бұрын
Өскеменде UEFA талабына сай жабық футбол стадионы салынады
Фото: «Алтай» футбол клубы
Өскемен қаласында спорт инфрақұрылымы дамып келеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Өскеменде 5000 орындық, UEFA талабына сай жабық футбол стадионын салу жоспарлануда. «Восток» стадионын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл ол Премьер-лига матчтарын қабылдауға дайын болады. «Алтай» футбол клубына қолдау жалғасады, - деп жазылған хабарламада.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»