7 сағат бұрын

«Ақтөбе» командасына жаңа бапкер тағайындалды

«Ақтөбе» командасына жаңа бапкер тағайындалды

Фото: sport.kg

Қазақстандық «Ақтөбе» командасы словакиялық Штефан Тарковичпен келісімшартқа қол қойды, деп хабаралйды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Штефан Таркович 1993 жылы 18 ақпанда дүниеге келген. 1996 жылдан бастап словакиялық бірқатар клубта ойын көрсетті. Бапкерлік қызметінде Словакия, БАӘ клубтарында еңбек етсе, 2023-2024 жылдары Қырғызстан құрамасына жетекшілік жасады.

«Ақтөбе» командасы биылғы біріншілікті сәтсіз бастады. Алғашқы үш турда бір мәрте жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды. Қазір турнир кестесінде 3 ұпаймен оныншы орынды місе тұтып тұр. Салдарынан болгариялық маман Николай Костов қызметінен кетті.

				

Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»