3 сағат бұрын
Бразилиялық шабуылшы «Ордабасы» сапын толықтырды
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
Бразилиялық Лео Натель «Ордабасы» футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Лео Натель Португалияның «Бенфика» клубының жастар жүйесінде тәрбиеленген. Кәсіби мансабында Бразилияның «Сан-Паулу», «Форталеза», «Коринтианс», «Новуризонтино» клубтарында өнер көрсетті. Сондай-ақ Кипрдің «АПОЭЛ», «АЕЛ Лимасол», «Пафос» және Аустралияның «Мельбурн Сити» командаларында ойнады.
Лео Нательдің негізгі позициясы – вингер. Сонымен қатар ол оң қапталда және орталық шабуылда да ойнай алады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»