10 сағат бұрын
Роналду ең бай спортшылардың үздік үштігінде
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду тарихтағы ең жоғары табыс тапқан спортшылар рейтингінде қайтадан үздік үштікке кірді.
Sportico дерегіне сәйкес, футболшының жалпы табысы 2,09 миллиард долларды құраған. Ал инфляцияны есептегендегі көрсеткіш 2,53 миллиард долларға жетеді.
Бұл рейтингте бірінші орында Майкл Джордан тұрса, екінші сатыда Тайгер Вудс орналасқан.
Айта кетейік, топ-50 тізіміндегі жалғыз әйел спортшы — Серена Уильямс. Ол 680 миллион доллар табыспен 40-орынға жайғасты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»